Шымкент прокуратурасы "терроризм ісіне" шыққан үкімге қарсылық танытты

0
1 472

​Шымкентте Әл-Фараби аудандық прокуратурасы аудандық соттың "террорлық топ құру" ісі бойынша шығарған үкіміне қарсылық білдірді,-деп хабарлайды azattyq.org.


Шымкент прокуратурасы

Шымкентте Әл-Фараби аудандық прокуратурасы аудандық соттың "террорлық топ құру" ісі бойынша шығарған үкіміне қарсылық білдірді,-деп хабарлайды azattyq.org.

Әл-Фараби аудандық соты 2 наурызда Ерболат Айтахуновты Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы редакциясы 233-бабының 2-бөлімі ("Террорлық топ құру, оған басшылық жасау және оның қызметіне қатысу") бабымен айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Прокуратура аудандық сот үкімімен келіспей, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына апелляциялық шағым түсірді.

Облыстық соттың судьясы Бүркіт Байдуллаевтың айтуынша, 46 жастағы Айтахунов "тағылған айыпты толық мойындаған".