Шымкентте банкомат тонаған қылмыстық топ қамауға алынды

0
1 301

Полицейлер ұсталғандардың қала аумағында орын алған ұрлықтың 4 дерегіне қатыстылығын және жәбірленушілерге жалпы 300 мың теңгеден астам залал келтірілгенін анықтады.


Шымкентте банкомат тонаған қылмыстық топ қамауға алынды

көрнекі фото: kazved.ru

2017 жылдың 17 желтоқсанында Шымкент қаласындағы дәріханаларлдың бірінің есігін белгісіз біреулер бұзып кіріп, банк терминалының ішіндегі ақшамен қоса кассадағы 100 мың теңгеден астам қаржыны қолды еткен болатын.

Аталған дерек бойынша ОҚО ІІД КПБ және Шымкент қаласы Абай аудандық ПБ-нің қызметкерлері бірлесе жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, үш жас жігіт анықталып ұсталды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Полицейлер анықтағандай, күдіктілер түнгі уақыттарда дәріханалар мен азық-түлік дүкендеріне есігін бұзу арқылы кіріп, ақша және т.б. бағалы заттарды ұрлап отырған.

Полицейлер ұсталғандардың қала аумағында орын алған ұрлықтың 4 дерегіне қатыстылығын және жәбірленушілерге жалпы 300 мың теңгеден астам залал келтірілгенін анықтады. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.