Шымкентте бір отбасын түгел қырып кеткен қылмыстың мән-жайы анықталды

0
904

​ERNUR.KZ. Шымкентте 52 жастағы әйел мен оның 22 және 13 жасар ұлын өлтіріп кеткен болуы ықтимал күдікті Тараз қаласындағы теміржол вокзалынан 10 ақпа күні ұсталып, 11 ақпанда Шымкентке жеткізілді.


Шымкентте бір отбасын түгел қырып кеткен қылмыстың мән-жайы анықталды

ERNUR.KZ. Шымкентте 52 жастағы әйел мен оның 22 және 13 жасар ұлын өлтіріп кеткен болуы ықтимал күдікті Тараз қаласындағы теміржол вокзалынан 10 ақпа күні ұсталып, 11 ақпанда Шымкентке жеткізілді. 1991 жылғы жігіт бұрын Шымкентте тұрған, Таразға жақында ғана көшіп кеткен.Ол марқұм болған әйелдің үлкен ұлымен таныс болған екен. Күдіктінің айтуынша, жақында сатып алынған қымбат компьютерлік процессор қылмысқа себеп болған.

2018 жылдың 8 ақпанында кешкі уақытта Шымкент қ. ПБ кезекші бөліміне тұрғын үйлердің бірінен мәйіттердің табыланы туралы хабарлама келіп түскен еді. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер үш адамның мәйітін анықтады, олар 50-55 жас шамасындағы әйел және 22 және 13 жастағы екі жас баланың мәйіті болып шықты.