Шымкентте бір отбасын түгелдей қырып кетті

0
996

​Шымкент қаласында полицейлер үш кісі өлімі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. 2018 жылдың 8 ақпанында кешкі уақытта Шымкент қ. ПБ кезекші бөліміне тұрғын үйлердің бірінен мәйіттердің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.


Шымкентте бір отбасын түгелдей қырып кетті

Шымкент қаласында полицейлер үш кісі өлімі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. 2018 жылдың 8 ақпанында кешкі уақытта Шымкент қ. ПБ кезекші бөліміне тұрғын үйлердің бірінен мәйіттердің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер үш адамның мәйітін анықтады, олар 50-55 жас шамасындағы әйел мен 22 және 13 жастағы екі жас баланың мәйіті болып шықты. Аталған жайт СДТБТ-не тіркелді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті тұлғаларды анықтау үшін барлық қажетті іс-шараларды өткізуде.