Шымкентте орындықтың орнына былғарымен қапталған диван қойылған автобус пайда болды

0
1 799

Шымкентте не жоқ дейсіз бәрі бар деп. Соның тағы бір дәлелі. Шымкентте №60 А бағыттағы автобуста арқаңызды кеңге салып, еркін отыруыңызға болады. Барар жеріңізге жеткенше жұмсақ әрі жайлы диванда жатып көз шырымын алып алуыңызға да болады.


Шымкентте орындықтың орнына былғарымен қапталған диван қойылған автобус пайда болды

"Шымкентте не жоқ дейсіз бәрі бар деп. Соның тағы бір дәлелі. Шымкентте №60 А бағыттағы автобуста арқаңызды кеңге салып, еркін отыруыңызға болады",- деп жазады okg.kz. Барар жеріңізге жеткенше жұмсақ әрі жайлы диванда жатып көз шырымын алып алуыңызға да болады.

Бұл туралы алғашқылардың бірі болып фейсбуктегі парақшасында Гүл Советханқызы жариялаған еді. Біз №60А бағытындағы қоғамдық көліктің аялдамаларын санап көрдік. Ол «Шнос» аялдамасынан, яғни қаладағы мұнай-өндеу зауытынан бастап №99 мектептің, военкоматтың аялдамаларына тоқтап, «Ақбар» базарынан «Ордабасыға» келеді. Орталық әмбебап дүкені мен ОҚМУ-дың аялдамасына да аялдап, «Құрсай» шағынауданына барады. Барлығы 47 аялдамаға барады екен. Яғни, "ШНОС" аялдамасынан мінген жолаушы "Құрсайға" жеткенше бір ұйықтап тұрады.

Айта кетейік, жақында ғана қалаға жаңа 70 автобус жеткізілген болатын. Таяу күндері тағы да 30 автобус әкелінбек.