Ағымдағы жылғы 2-16 сәуір аралығында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент қаласының аумағындағы заңсыз жұмыс істейтін ойынханалар мен ойын автоматтар залын анықтау бағытында жедел алдын-алу іс-шарасын ұйымдастырып өткізді.
Ағымдағы жылғы 2-16 сәуір аралығында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері Шымкент қаласының аумағындағы заңсыз жұмыс істейтін ойынханалар мен ойын автоматтар залын анықтау бағытында жедел алдын-алу іс-шарасын ұйымдастырып өткізді. Нәтижесінде қала аумағында заңсыз жұмыс істеп келген 6 ойынхана әшке болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
11 сәуірде ОҚО ІІД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қалада орналасқан ойынханалардың бірінің заңсыз жұмысын анықтап, ойынхананың егесі жауапқа тартылды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің «заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алдағы уақыттарда ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері соңы қылмысқа ұрындыратын құмар ойындарын жою бағытындағы жұмыстарын жалғастыратын болады.