Шымкенттегі бұл түзету мекемесі түрмеге тоғытылғандардың бостандықтағы өмірі оңалып кетуі үшін, əлеуметтік құқықтық көмек көрсету мақсатында барлық құзыретті мекемлермен тығыз қарым қатынаста жұмыс істеп келеді
Шымкент қаласындағы ИЧ 167/2 түзеу мекемесінде "Оңалту түрмесі" пилоттық жобасының аясында іс шара өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түрмедегілердің жазасын өтеп шығуға таянғандарына қоғамға бейімделіп кетуі үшін барлық жағдай жасауға бағытталған бұл жобаның мақсаты айқын. Түзеу мекемесінен кейін түтінін түзу шығарып, өмірін түзеткісі келгендерге тұрақты жұмыс беріп, кəсібін ашып, өз бизнесін дөңгелетем дегендерге бағдар беріп, көмек көрсету. Кəсіп ашқысы келгендерді арнайы курстарға жіберіп, кейіннен тұрақты табыс көзін табуына сеп болу.
"Оңалту түрмесі" пилоттық жобасы аясында ИЧ 167/2 түзеу мекемесінде биылғы жылдың мамыр айында да осындай іс шара өткен болатын. Нақты екі жазасын өтеп шыққан азаматқа көмек көрсетілген.