​Шымкенттіктер ақылы түрде құтқарылатын болады

0
1 469

Қызметтер ақылы түрде көрсетіледі. Ол үшін әр пәтер немесе үй айына 80 теңгеден жарна төлеуі тиіс.


​Шымкенттіктер ақылы түрде құтқарылатын болады

ERNUR.KZ Шымкент қаласының әкімдігі төтенше жағдайлардың алдын алу және келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында мамандандырылған құтқару қызметімен айналысатын «Служба спасения ЧС» ЖШС-мен меморандум жасады. Енді шымкенттіктер ақылы құтқару қызметін пайдалана алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде аталмыш ұйымның басшысы Андрей Фридовский БАҚ өкілдеріне мәлімдеді. Оның айтуынша құтқару қызметі қала тұрғындарына науқастар мен мүгедектерді тасымалдау кезінде, көпқабатты тұрғын үйлерде жеделсаты істен шықса, құлау қуіпі бар ағаш бұтақтарын кесу керек болса, үйге жылан кіріп кетсе, т.с.с. Әзірге қажетті техникалармен жабдықталған бұл серіктестікте 15 адам жұмыс істейді. Егер тұрғындары көп Шымқалаға осы жұмыс күші жетпей жатса, тағы да қосымша қызметкерлер алынатын болады.

Айта кетерлігі, мұндай тәжірибе соңғы 15 жылдан бері Қарағанды қаласында жүзеге асып келеді екен. Қызметтер ақылы түрде көрсетіледі. Ол үшін әр пәтер немесе үй айына 80 теңгеден жарна төлеуі тиіс.

Шымкент қаласы әкімдігінің берген мәліметіне сенсек, қала тұрғындары құтқару қызметінің мұндай түріне көзқарастары жөнінде сауалнама жүргізіліпті. Оған 12 021 адам қатысқан. Олардың 242-сі өз пікірлерін қалдырған. Сауалнамаға қатысушылардың 150-і мұндай қызметтің тиімділігіне сенім білдірген, ал 50-і қарсы.

Дегенмен де тұрғындардың дені мұндай жаңалыққа қалай қарайды? Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті не істейді сонда? Осы ретте Шымкент қаласының тұрғыны Бекжігіт Мауленов былай деді:

-Мәселен, мен мұндай сауалнаманың жүргізілгенін білгенде жоқпын. Және мен тұрғындарды алмаған қызметі үшін ақы төлеуге мәжбүрлеуге қарсымын. Мәселе ақшаның көлемінде емес, мәселе азаматтардың құқығының сақталуында! Мысығын құтқару үшін, немесе үйіне жылан кіріп кеткен адам шақырған болса, сол белгілі бір тариф бойынша төлем жасасын. Оның үстіне 1 миллион тұрғыны бар қала үшін 15 қызметкер үлгерем дегенше өліп кетуің де мүмкін ғой, оларды күтем деп.