Аудан басшысы Полатов Салыхан Сабырұлы алдағы уақытта да мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау білдіретіндігін айтты.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Түркістан облысы, Созақ ауданының әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы «Сауап» медалімен жəне алғыс хатпен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Еліміздің даму стратегиясында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қорғау басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылған. Ал әлеуметтік сала қоғам өмірінде басты рөл атқаратыны белгілі. Сол себепті де Қазақстан республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап қоғамның әлсіз тұсына айрықша көңіл бөліп келеді.
Осыған орай, еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында көрсетілгендей «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетіп, қоғамдағы белсенділігін арттыруды» басты назарға алған азаматтар «Сауап» медалімен марапатталады.
Бұл марапатты «Асар» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек пен қолдау көрсеткен қайырымдылық қорларына, дәрігерлерге, әкімдерге, депутаттарға, мекеме басшыларына жеке адамдарға жыл сайын тағайындайды.
Биыл бұндай марапатқа Түркістан облысы Созақ ауданының әкімі ие болды. «Асар» Оңтүстік Қазақстан мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің марапаты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай табыстады.
Бұл қазақ хандығының ең бірінші астанасы болған қала – Созақтың соңғы жылдары облыстың ураны мен шұбатын брендке айналдырып қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік сала жұмыстарына да басымдық беріп, мүмкіндігі шектеулі адамдардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасау мақсатына бейімдеу жұмыстарын жандандырып жатқанының дәлелі.
Аудан басшысы Полатов Салыхан Сабырұлы алдағы уақытта да мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау білдіретіндігін айтты.