ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиев Созақ ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында халық қалаулылары аудан орталығы Шолаққорған ауылында бой көтеріп жатқан 200 орындық заманауи «Спорттық-сауықтыру кешенінің» құрылыс жұмыстарымен танысты. Олар жауапты сала мамандарымен және мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, нысан құрылысы мен сапасына назар аударды.
Кейін аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өтті. Жиын барысында Сенатта қабылданып жатқан заңдар мен ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы жан-жақты түсіндірілді.