Судьяның ісі сотта қарала бастады

0
1 381

Бұрынғы сот мырза қарауындағы істердің бірін шешіп беру үшін 500 мың теңге алды деп күдіктелген болатын.


Судьяның ісі сотта қарала бастады

ERNUR.KZ. Шымкенттегі әл-Фараби аудандық сотында экс судья Абай Ниязбековке қатысты сот процесі басталды. Ол бұрын Мақтарал аудандық №2 сотының судьясы қызметін атқарған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Экс судьяға ҚР ҚК нің 366 бабы, қомақты пара алғаны үшін айып тағылып отыр. Абай Ниязбеков үстіміздегі жылдың қаңтар айында құрықталған еді. Сыбайластыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы мен ҚР Жоғарғы Сотының жемқорлықтың алдын алу және ішкі қауіпсіздік қызметінің бірлесіп жүргізген іс шарасы кезінде экс судья қолға түскен еді. Бұрынғы сот мырза қарауындағы істердің бірін шешіп беру үшін 500 мың теңге алды деп күдіктелген болатын.