Тәуелсіздік күніне орай көкпар өтті

0
1 852

Спорттық іс-шараны өткізудегі мақсат – біріншіден, қазақ халқының ұлттық ойының насихаттау.


Тәуелсіздік күніне орай көкпар өтті

фото: әлеуметтік желіден

Түркістан облысы, Келес ауданында тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұлттық спорт түрі көкпар ойыны өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылдың 9 желтоқсанында Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Қызыләскер және Көгерту елді мекеніндерінің ауылшаруашылық дихандарының ұйымдастырумен 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, қазақтың ұлттық спорты көкпар ойыны өткізілді.

Спорттық іс-шараны өткізудегі мақсат – біріншіден, қазақ халқының ұлттық ойының насихаттау болса, екіншіден, жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу, ұлттық ойындарды ұлықтау шаралары арқасында жастардың патриоттық сезімін ояту болып отыр.

Даланы ат тұяғының дүбіріне толтырған додаға Түркістан облысындағы Келес ауданына қарасты Ақтөбе, Ошақты, Бірлік, Бірлесу, Жүзімдік ауылдық округтерінің белді шабандоздары қатысып, көкпар ойынының сәнін келтірді.

Айта кетейік, жастарды ұлттық спортқа баулуда атқарылып жатқан шаруа ауданда жетерлік. Одан басқа да спорт түрлерін, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша аудан көлемінде түрлі іс-шаралар жиі ұйымдастырылып отырады.