Тәуелсіздік құрметіне «Ұлттық ойын – асыл мұрам» атты сайыс ұйымдастырылды

0
2 147

Созақ ауданында Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай өткізілген сайыста Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары насихатталды.


Тәуелсіздік құрметіне «Ұлттық ойын – асыл мұрам» атты сайыс ұйымдастырылды

14 желтоқсан күні Түркістан облысы, Созақ ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай және Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ұлттық ойын – асыл мұрам» атты сайыс өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, баға жетпес байлығы. Осы ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Созақ аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жaстар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Созақ ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі жастар арасында сайыс ұйымдастырды.

Сайыстың мақсаты – жастарға «Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры – сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері» екенін ұқтыру, дарынды, талантты, өнерлі жастарды қолдау, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жастар арасында насихаттау болды.

«Ұлттық ойын – асыл мұрам» жарысына қатысушылар асық ату, кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күрес, ләңгі тебу секілді ұлттық ойындар бойынша күш сынасты. Ұлттық нақыштағы ойындар тартысты өтіп, сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.