Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Таукент жастары ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке – Тәуелсіздік күнін ерекше тойлады.
Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Таукент қаласының жастары «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік іс-шара аясында тәуелсіздік күнін атап өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты Тәуелсіздік мерекесінің тұрақты түрде аталып өтіліп келе жатқанына 27 жыл болды. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалғанына 27 жыл толғаны барша қазақстандықтар үшін үлкен мереке.
16-желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі Созақ ауданының барлық ауыл аймақтарында ерекше аталып, мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды.
Таукентте жастар ісінің маманы Р. Tайырұлының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік концерт өтті. Концерт талантты, өнерлі жастардың қатысуымен үлкен дәрежеде болды.
Таукенттің биші қыздарынан құралған «Әдемі» би тобы сызылта билесе, Ержігітова Жанар, Асан Думан, Ж. Амантаевна секілді өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндер орындалды.
Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік концерт жастарды бірлікке, ынтымаққа, ұйымшылдыққа, Отанын сүюге шақырды.