«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Сауран қалашығында сенбілік жұмыстары жүргізілді

0
188

Күл-қоқыстан тазартып, арам-шөптерін шапты.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Сауран қалашығында сенбілік жұмыстары жүргізілді

Сауран ауданында сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай Сауран ауданында сенбілік ұйымдастырылды. Жалпы 150-ге жуық адам қатысқан тазалық шарасында Сауран қалашығының маңы күл-қоқыстан тазартып, арам-шөптерін шапты. Сенбілікке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және арнайы БАҚ өкілдері мен жастар қатысты.


Шығармашылық топ өкілдері 1-10 тамыз аралығында Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарына сапарға шығып, елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын кеңінен насихаттау арқылы өңірлердегі тарихи-мәдени, туризм бағытындағы көрікті орындардың тазалығына атсалысады. Аталған игі шараға мұрындық болған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» ТРК бас директоры Дулат Әбіштің айтуынша, 14 адамнан құралған делегацияда өңірдің жергілікті журналистері бар.


Облыс әкімінің орынбасары барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалық сақтауға шақырды. Игі бастаманы қолға алған БАҚ өкілдеріне ризашылығын айтып, сәтті сапар тіледі. Сондай-ақ, Сауран қалашығының ішкі бөлігін тазалау барысында облыс әкімінің орынбасары тарихи нысанды қалпында ұстап қалу үшін жасалып жатқан жұмыстарымен бөлісті.


Айта кетейік, елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Акция басталғалы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.