Тазалық шарасына аудан халқынан 1800-ден астам адам атсалысты.
ERNUR.KZ. Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы негізінде жалпы аудандық сенбілік өтті. Тазалық шарасына аудан халқынан 1800-ден астам адам атсалысты.
Сенбілікке қатысушылар жол бойларын, арық -атыздарды, қашыртқыларды, саябақ, скверлерді күл-қоқыстан тазартып, бей-берекет тасталған қоқыстарды тиісті орынға шығарды.
Тұрғындар үй аулаларын, көше бойларын ретке келтіріп, белгіленген орындарға ағаш көшеттерін екті. Игі шараға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов ұйытқы болып, мәслихат депутаттары, Ленгір қаласы тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен бірге «Төлеби баба» саябағына сәндік ағаш көшеттерін екті.
Нәтижесінде, аудан аумағында 19 600 түп көшет отырғызылып, аудандық маңызы бар 145 шақырым, облыстық маңызы бар 255 шақырым жол бойы, 404 көше тазартылды.