«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістан облысында бір аптада 200-ден астам сенбілік ұйымдастырылды

0
217

Тазалық жұмыстарына 57 654 тұрғын қатысып, 177 тонна қоқыс шығарылды.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістан облысында бір аптада 200-ден астам сенбілік ұйымдастырылды

Түркістан облысында бір аптада 200-ден астам тазалық шарасы ұйымдастырылып, 177 тонна қоқыс шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы тұрақты бақылауда. Өткен аптаның өзінде облыс аумағындағы елді мекендерде 201 тазалық шарасы өтті. Нәтижесінде, тазалық жұмыстарына 57 654 тұрғын қатысып, 177 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс аумағында тазалық жұмыстары жүйелі әрі нәтижелі жүргізілуі тиіс» деген облыс басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне барлық елді мекендерде санитарлық тазалық жұмыстарын күшейтуді, рейдтер ұйымдастырып, рұқсатсыз қоқыс төгілген орындарды анықтап, жою бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.


Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяндады. Оның айтуынша, жалпы бағдарлама аясында бекітілген жоспарлардың орындалуы тұрақты қадағалануда. Облыс аумағында өткен апта «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға 7110 мемлекеттік және өзгеде мекеме қызметкерлері мен тұрғындар қатысып, 1 016,1 шақырым өзен жағалауларының аумағы тазаланып, 143 тонна қоқыс шығарылды.


«Таза Қазақстан» бағдарламасын тиімді іске асыру үшін кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бүгінгі күнге «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 3 104 өтінім түскен. Оның ішінде, 3 192-сі орындалса, 12 өтінім орындалу барысында. Одан бөлек, тәртіпті сақтау мақсатында қоғамдық орындарда санитарлық талаптарын сақтамаған тұлғаларға биыл 16 993 хаттама толтырылған. Жалпы 502,7 млн. теңгеге айыппұл салынып, 270,9 млн. теңгесі өндірілген.


Жұмысшы топ тарапынан аудан, қала аумағына апта сайын мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, қоқыс жиналатын орындар әлі де азаймай отыр. Анықталған қоқыс орындары бойынша аудан, қала әкімдіктері тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. Тазалық жұмыстары жалғасады.


Сонымен қатар аппарат мәжілісінде жылыту маусымына дайындық жұмыстары, «Келешек мектептері» жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылыс барысы пысықталып, нақты тапсырмалар берілді.

Бөлісу