6 сектор тұрғындары, эко-белсенділер мен қала жастары атсалысты.
Түркістан қаласында кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында 800-ге жуық адамның қатысуымен кезекті тазалық шарасы ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына шаһардағы 6 сектор тұрғындары, эко-белсенділер мен қала жастары атсалысты.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен тазалық жұмыстары барысында Б.Саттарханов даңғылы, 9-11 көше, Б. Майлин көшесі, Жарылқапов көшесі, Тынышқұлов көшесі, Қызылорда тас жолы қураған шөптер мен күл-қоқыстан тазартылды.
Жиналған қоқыстарды тасымалдауға коммуналдық мекеме қызметкерлері мен 8 техника жұмылдырылды. Жалпы 125 тоннадан астам қоқыс арнайы аумаққа шығарылды.
Сонымен қатар «Жаңа қала» аумағындағы көпқабатты тұрғын-үйлер мен коммерциялық нысандар бойынша анықталған кемшіліктер ретке келтірілді.