«Таза Қазақстан»: Түркістандық журналистер бұлақ көздері мен өзен арнасын тазалады

0
94

Табиғат – баршамызға ортақ байлық, келер ұрпаққа аманат.


«Таза Қазақстан»: Түркістандық журналистер бұлақ көздері мен өзен арнасын тазалады

Түркістандық журналистер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына атсалысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының орталығындағы ақпарат құралдарының өкілдері дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қаратау өңіріндегі бұлақ көздері мен өзен арнасын тазалау іс-шарасын өткізді.

Өткен сенбінің таңында журналистер Түркістан-Шолаққорған автожолы бойындағы жастар бұлағы және сол жерде көпшіліктің тау баурайындағы демалыс орнына айналған өзен арнасын қоқыстан тазартты.

Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының және жергілікті медиа өкілдерінің бастамасымен өткен тазалық акциясында филиал төрағасы Мәлік Дәулетов іс-шараның маңызы жөнінде пікір білдірді:

- Табиғат – баршамызға ортақ байлық, келер ұрпаққа аманат. Бұлақтың көзі ашық болса, өзеннің арнасы таза болса, бұл өңірдің де, елдің де экологиялық ахуалы жақсара түседі. Сондықтан бүгінгі іс-шара тек тазалық жұмысы ғана емес, табиғатқа деген жанашырлықтың, азаматтық жауапкершіліктің нақты көрінісі.

Журналистер қауымы қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп қана қоймай, осындай игі бастамаларға үлес қосу арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалысады.

Бөлісу