Төле би ауданының зиялылары Ташкент қаласына сапарлады

0
2 069

Төле би ауданының ардагерлері Ташкент қаласына барып, тарихи орындарды аралап қайтты.


Төле би ауданының зиялылары Ташкент қаласына сапарлады

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Бахытұлы Омарбековтың ұйымдастыруымен ЕЛБАСЫНЫҢ «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында Ташкент қаласындағы тарихи орындарын аралау үшін, сонымен қатар өзбекстанның зиялыларымен кездесу мақсатында ауданның зиялы азаматтары, аудан қариялары мен БАҚ өкілдері Ташкент қаласына барып қайтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ғасырлар бойы бірге жасасып, бірге ғұмыр кешкен түбі бір қазақ пен өзбекте сонау Қоқанның өзін қыпшақ Әлімқұл, Құдияр, Мұстафа Шоқай, қоңырат Нәзір Төреқұлов, Мұхаметжан Тынышбаев басқарып, Ташкентті билеген шанышқылы Тұрсын хан, сарыүйсін Сыбанқұл, дулат Төле би секілді жарқын перзенттер аз емес. Екі халық арасында пәлендей бөлініп-жарылу, шекара деген бола қойған жоқ. Қазақтар Шаш деп атаған Ташкент шаһары екі халыққа ортақ, кейін бейтарап қала болған. Өзбекке астана болғаны – бертінде. Оның өзіндік тарихы бар.
Бұл кездесудің мәні мен мағынасы зор!