Цифрлық даму вице-министрі Түркістан облысы тұрғындарымен кездеседі

0
515

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Бірінші вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.


Цифрлық даму вице-министрі Түркістан облысы тұрғындарымен кездеседі

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің Бірінші вице-министрі түркістандықтармен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің Бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин 17 маусымда сағат 17:00-де «Ұлы Дала Елі» орталығында Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 18:00-де министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен жайы: Түркістан қаласы, 20-і квартал.,1319).


Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-(725-33) 5-98-90 (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады.


Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.


Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.