Түймебаев төлебилік диқандардың жұмысымен танысып қайтты

0
2 052

Түркістан облысының әкімі сапар соңында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының облыс аймағында атқарылу барысы туралы кездесу өткізіп, Төле би ауданында түсіріліп жатқан 10 сериялы «Төле би» көркем фильмінің түсірілім алаңымен танысты.


Түймебаев төлебилік диқандардың жұмысымен танысып қайтты

ERNUR.KZ. Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Төле би ауданында Елбасы тапсырмасы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты, деп хабаралайды ERNUR.KZ тілшісі.

Облыс әкімі алдымен Көксәйек ауылдық окуругіндегі «Keremet agro Group» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. 2017 жылы 503 млн. теңге инвестиция тартылған 40 га жерге алманың «Гала», «Голден делишес», Айдаред», «Ред делишес» атты сұрыптарынан 87500 түп жеміс ағашы егілген. Ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы – Озықбай Абзал Мейрамбекұлы, 50 адам жұмыс істейді, орташа жалақы 90 мың теңгені құрайды.

Бұдан кейін облыс әкімі Тасарық ауылында орналасқан жеке кәсіпкер С. Танабаевтың жүзім алқабында болды. 2016 жылы 10 гектар, 2017 жылы қосымша 10 гектар жерге 32 мың түп «Таифи-розовый» жүзімі егілген. Сарыағаш ауданынан алынған көшеттерге тамшылап суару жүйесін қолданады. Жобаның жалпы құны 50 млн. теңгені құрайды, 10 адам тұрақты жұмыс істейді.

«Бұл жұмыстарды жылдан жылға дамытуға тырысуымыз керек, ерінбей еңбек етіп, шаруашылық маңынан заводтар ашуды қолға алыңдар. Мемлекеттен қашан да көмек беруге дайынбыз. Облыс жастарына осындай кәсіптермен айналысуға ықпал жасалуы қажет» , — деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев.

Шаруашылық жұмыстарымен танысқан облыс әкімі Қасқасу ауылдық округі, Кеңесарық елді мекенінде орналасқан «Есімхан төбе» (Дәуіттөбе қалашығы) тарихи орнына барды. 2006 жылы Түркістан облысы әкімдігінің «Тарихи мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» МКҚК тарихи орынға зерттеу жүргізген.

Түркістан облысының әкімі сапар соңында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының облыс аймағында атқарылу барысы туралы кездесу өткізіп, Төле би ауданында түсіріліп жатқан 10 сериялы «Төле би» көркем фильмінің түсірілім алаңымен танысты.

«Облыс әкімдігінің қолдауымен «Сақ» киностудиясы қолға алған бұл фильмге 150 млн. теңге бөлінді. Бұл фильм жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді, сонымен қатар қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптейді. Жоспар бойынша жылдың соңында көрермен назарына жол тартады», — дейді фильм режиссері Дәулетханов Батырхан.