"Түлкібасқа - 90 жыл": Тұрар Рысқұловқа құрмет көрсетілді

0
3 873

Бүгін Түркістан облысындағы Түлкібас ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай іс-шара өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ERNUR.KZ. Қасиетті Түркістан облысының шығыс аймағында орын тепкен Түлкібас ауданына 90 жыл толып отыр. Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда құрылған. Ауданда қазіргі таңда халық саны 111 мың 200 болса, оның ішінде 26-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Аудан орталығы - Т.Рысқұлов ауылы.


Түлкібас жерінде Алаштың айбыны Тұрар Рысқұлов, батыр-қолбасшы Бауыржан Момышұлы, қоғам қайраткері С.Терещенко, белгілі жазушы-журналист Шерхан Мұртаза, филология ғылымының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, қарымды қаламгер Мархабат Байғұт тағы басқа да тұлғалар туылған қасиетті мекен.Торқалы 90 жылда аудан айтарлықтай мол жетістікке жетті. Әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан.

Мерейтойда «Батыс Европа- Батыс Қытай» автодәлізі бойында орын тепкен қоғам қайраткері Т.Рысқұлов ескерткішінің алдында ат басын бұрып келген қонақтарды аудан әкімі Н.Тұрашбеков қарсы алып, ыстық ықыласын білдірді. Жиналған қауым белгілі қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.