Түлкібаста атыстан жарақат алғандардың денсаулығы жақсы

0
1 448

Ақ халаттылар жарақаттанғандардың өміріне араша боп, қажетті ем домын жасап, аптаға жуық емнен кейін бір үйдің қос баласы аман есен үйлеріне шығарылды.


Түлкібаста атыстан жарақат алғандардың денсаулығы жақсы

Түркістан облысында көршісінің атқан оғынан жарақаттанған жасөспірім мен жас жігіттің денсаулығы жақсы, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ақ халаттылар жарақаттанғандардың өміріне араша боп, қажетті ем домын жасап, аптаға жуық емнен кейін бір үйдің қос баласы аман есен үйлеріне шығарылды. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің берген мəліметі осындай.

Еске салайық, қазан айының 1-ші жұлдызында Түлкібас ауданы Жаскешу ауылында 26 жастағы жігіт көршісінің үйіне оқ жаудырған болатын. Салдарынан 24 жастағы жігіт пен он екі жасар бала жарақаттанған еді. Оқ жасөспірімнің қолына тиген. Дереу аудандық ауруханаға жеткізілген жарақаттанғандарға дəрегрлер дереу ем дом жүргізген. Анықталғаны, көршісінің үйіне оқ жаудырған жігіт пен жараланған жігіттің арасында бұған дейін де келіспеушіліктер болған көрінеді.

1-ші қазан күні өз көліктерімен келе жатып жолығып қалған екі жігіттің арасында кикілжің туындаған. Тіпті бірі, яғни айыпталушы 26 жастағы жігіт көлігінен атыс қаруын алып шығып көршісіне безенген. 24 жастағы көршісі дереу қашып кетіп, үйне барып тығылады. Қаны қарайған айыпталушы көршісінің соңынан қуып барып бүкіл отбасына қару кезеніп, оқ жаудырады. Күдікті бірден қамауға алынған. Түлкібас аудандық соты күдіктіні тергеу кезінде екі ай мерзімге қамауға алу жөнінде санкция берген. Жаскешу ауылының 26 жастағы тұрғынына қасақана кісі өлтіруге оқталу бабы бойынша айып тағылуда.