Аталған айтыста елдің әлеуметтік мәселесі, бұқараның жетістігін жырлағандар топ жарды.
Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай «Түлкібасым – Тұраным» атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы shymkenttv.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұймдастырушылар бұл жолы шараға ұлттық реңк берді. Ата-бабамыздан мұра болып қалған салт-дәстүрімізді насихаттауды басты назарға алды. Жыр сайысына түскейдің түкпір-түкпірінен жыр сүлейлері қатысты.
Шара басталардан бұрын қонақтар қолөнер шеберлерінің ұлттық өрнектермен безендірілген тың туындыларын тамашалады. Айтысқа еліміздің әр аймағы мен облыс аудандарынан кіл мықтылар қатысты. Талай додада топ жарып, жалынды жырларымен тыңдарман көңілін қош еткендер бұл жолы да аянған жоқ. Тақырыпты тереңінен қаузап, Түлкібас жері жайлы толғанды.
Күн ұзаққа созылған дода екі кезеңге жалғасты. Елдің әлеуметтік мәселесі, бұқараның жетістігін жырлағандар топ жарды.
Айтыс жеңімпаздары қомақты сыйлықтарға ие болды. Бас жүлде- жүз мың теңгені – бәйдібектік Қажымұқан Абзалов қанжығасына байлады. Жыр дүлділдерінің ешбірі де құралақан қайтқан жоқ. Қаржылай сыйлықтармен марапатталды.