Түлкібастың 90 жылдығына орай аламан бәйге өтті

0
2 789

Мерейтой жалғасы ұзақтығы 18 шақырымға созылатын «Аламан» бәйгемен жалғасын тапты.


Түлкібастың 90 жылдығына орай аламан бәйге өтті

Биыл табиғаты тамаша Түлкібас ауданының құрылғанына 90 жыл. Дүбірлі 90 жылдық той аудандағы орталық атшабарда жалғасын тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы shymkenttv.kz-ке сілтеме жасап.

Мерекелік іс-шара жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған командалық көкпар ойындарынан бастау алды. Ат спорты додасына Қазақстанның түкпір-түкпірінен шабандоздар қатысып, жүректілер мен білектілер сыналды. Мерейтой жалғасы ұзақтығы 18 шақырымға созылатын «Аламан» бәйгемен жалғасын тапты.

Бойға сіңіп, ата-бабамыздан келе жатқан, бұл ойын түрі кез-келген қазақтың қанын тулататыны анық. Аттың үстінде өсіп, дәстүрді жалғаған бала елшіл, халықшыл келеді. Ел дегенде, еміреніп тұрады. Сондықтан да, бұл ұлттық спортты насихаттау келешек үшін кемел іс деп біледі. Ол Елбасы мақаласындағы құнды ойларды жергілікті жердегі халыққа, әсіресе жастарға түсіндірудің де төте жолы, дейді Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков.

Аудандық атшабарға үш мыңнан астам ауыл тұрғыны мен қонақтары жиналды. Жарыста Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен Түлкібас ауданының құрама командасы бас жүлдені сарапқа салды. Ал ересектер арасындағы командалық көкпарға Түркістан облысының «Құлагер» командасы мен Түлкібас ауданың «Майлыкент» командасы сайысқа түсті. Ал, «Аламан» бәйгеге оңтүстік аймақтан Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстарынан барлығы отыз бір ат тіркеліп, бас жүлдені сарапқа салды.