ТҮРКІСТАН: 2 адам су айдынында көз жұмды

0
825

Өңірде 176 қауіпті аймақ белгіленген.


ТҮРКІСТАН: 2 адам су айдынында көз жұмды

Түркістан облысында жыл басынан 2 адам су айдындарында қаза тапқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы бойынша ұзындығы 15 мың шақырымнан асатын 3000-ға жуық өзендер мен канал бар. Онда 176 қауіпті аймақ белгіленген. Жыл басынан бері өңірдегі су айдындарында 2 қайғылы жағдай орын алған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Қанат Қарабалаев мәлімдеді.


«24 қаңтар күні Қазығұрт ауданындағы Рабат су қоймасында белгісіз себеппен суға батқан 70 жастағы азаматтың мәйіті табылған. Бүгінгі таңда оқыс оқиғаның себебін анықтау үшін сот медициналық сараптамасын тағайындады. Сонымен қатар, 2 ақпанда Жетісай ауданындағы К-30 каналында 1-сынып оқушысы көпірден құлап, қайтыс болған. Екі қазаны қосқанда бір айдан астам уақытта республика бойынша 5 адам су айдынында қаза тапқан», - деді Қанат Мәлікайдарұлы.


Облыстық төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Талғат Досалиевтің айтуынша, жыл басынан бері ауа райының күрт суытып, қарлы боранда қалып қойған 56 адам эвакуацияланған. Құтқару жұмыстарына 90-ға жуық адам мен 30 техника жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары тұрғындарды жолға шығар алдында СМС хабарламаларын ескеруге шақырады.