ТҮРКІСТАН: 2025 жылдың 11 айында 1,4 трлн. теңге инвестиция тартылды

0
88

Жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалды.


ТҮРКІСТАН: 2025 жылдың 11 айында 1,4 трлн. теңге инвестиция тартылды

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


11 ай нәтижесімен негізгі капиталға 1,4 трлн теңге инвестиция бағытталып, өсім 123%-ды құрады Жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалды.


Биыл өңірде 58 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Осы арқылы 8190 жұмыс орнын ашу көзделген. 11 айда 44 жоба іске қосылып, 6 637 жұмыс орны ашылды.


Сауда көлемі 787,9 млрд теңгені немесе өсім қарқыны 145,9%-ды құрап, жоспарға қол жеткізілді. Өсім негізінен бөлшек сауда саласынан қамтамасыз етіліп, жалпы үлесі 54%-ды құрады (426,3 млрд.тг).


Көлік және қоймалау қызметінің жалпы көлемі 491,6 млрд теңгеге жетіп, 125,7%-ға артты (жоспар – 110,1%). Жыл қорытындысымен, тасымалданған жолаушылар саны және жүк көлемінің ұлғаюы есебінен өсім деңгейін 126%-ға жеткізу жоспарлануда. Байланыс қызметінің көлемі 10,9 млрд теңгені құрап, өсім 110,9%-ға жетті (жоспар – 109,6 %). Жыл қорытындысы бойынша жалпы өсім деңгейін 111,5%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Бөлісу