Оның ішінде бір егіз бала тіркелді.
2026 жылғы 1 қаңтар күні Түркістан облысында 106 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2026 жылғы 1 қаңтар күні Түркістан облысының перзентханаларында бір тәулік ішінде (сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін) 106 сәби дүниеге келді. Оның ішінде бір егіз бала тіркелді.
Ең көп босану көрсеткіші облыстық перинаталдық орталықтарда байқалды. Атап айтқанда, Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 19 сәби және 1 егіз дүниеге келсе, №3 облыстық перинаталдық орталықта 25 сәби өмірге келді.
Жаңа жылдың алғашқы күнінде дүниеге келген сәбилерге дәрігерлер тарапынан тиісті медициналық көмек көрсетілді. Аналар мен балалардың жағдайы тұрақты.


