ТҮРКІСТАН: 26 мыңға жуық адам ревакцинация алды

0
514

Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақта тұр.


ТҮРКІСТАН: 26 мыңға жуық адам ревакцинация алды

Түркістан облысында 1037273 адам екпе қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 1037273 адам екпе қабылдады. Соның ішінде екінші компонентпен 1020974 адам вакцина алған. Ал, соңғы тәулікте 243 адам екпе салдыруға ниет білдірсе, 3 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,02% құрайды.


Айта кетсек, жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 231 орын бар. Оның 139-і бос. Пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 755 жағдай тіркелсе, олардың 7747-да ауру симптомсыз өткен болатын. Бүгінде облыс тұрғындары «Спутник-V», «QazVac» және «Sinopharm» вакциналарын қабылдай алады.


Сондай-ақ, Түркістан облысында қазіргі таңда 25975 адам ревакцинация алды. Сонымен қатар, алдында «HayatVax», «QazVac», «CoronaVac», «Синофарм» вакциналарын салдырғандар араға 6 ай уақыт өткенде және «Спутник V» вакцинасын салдырғандар арада 9 ай уақыт өткен соң вакцинаның кез-келген басқа түрін қабылдауларына болады.