ТҮРКІСТАН: 3000-ға жуық полицей күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

0
672

Төтенше жағдай қатаң бақылауда.


ТҮРКІСТАН: 3000-ға жуық полицей күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Түркістан облысында 3000-ға жуық полиция қызметкері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазір Түркістан облысындағы жағдай тұрақты. Дегенмен, Төтенше жағдай қатаң бақылауда. Облыс шекараларымен аудан, қалаларға кіре беріс аумақта блок бекеттер қойылған. Әрбір көлік жіті тексерілуде. Осы орайда әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шыққан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов көпшілікті жалған ақпараттарға сенбеуге шықырды.


«Түркістан облысында жағдай тұрақты. Тек интернет тұрақты емес. Сондықтан, жергілікті БАҚ арқылы ресми ақпарат беріп отырмыз. Сондықтан тек ресми жаңалықтарға назар аударыңыздар. Жалған ақпараттар көп тарауда, оларға сенбеуге шақырамын», - деді Сәкен Қалқаманов.


Айта кетейік, облыстағы әрбір аймақта тікелей телефон желісі іске қосылған. Оған кез келген тұрғын хабарласып, жағдай бойынша хабарлай алады.