ТҮРКІСТАН: 40 мыңнан аса жас жұмыспен қамту шараларына тартылды

0
353

“Бизнес» жобасы аясында 2841 жас кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыған.


ТҮРКІСТАН: 40 мыңнан аса жас жұмыспен қамту шараларына тартылды

Биыл Түркістан облысында «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118,9 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл облыс бойынша «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118,9 мың жұмыс орнын ашу жоспарланса, 47,6 мың жасты жұмыспен қамту көзделді. 2024 жылдың 1 қыркүйегіндегі дерек бойынша нақты 78,8 мың жұмыс орны ашылып, оның ішінде 40,7 мың жас жұмыспен қамтылды (51,6%).


Оның ішінде «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында нақты 27 614 жас жұмыспен қамту шараларына жолданды (10 829 адам тұрақты, 11 752 адам уақытша жұмыс орындарымен қамтылды).


Субсидияланған уақытша жұмыс орындарына жолданғандар ішінде 1644 адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасына, 4238 адам «Жастар практикасы» жобасына, 4514 адам қоғамдық жұмыстарға, 1356 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған. Бұдан бөлек кәсіпкерлікті қолдау бағытында «Бастау Бизнес» жобасы аясында 2841 жас кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыған. Жаңа бизнес-идеялары үшін өз ісін бастауға ниетті 748 жасқа грант берілген. Сонымен қатар enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша мамандықтарда 1444 жас білім алып, сертификатқа ие болған.