Қазыбек би көшесінің көлемі 1,2 га құрайтын бір бөлігі арбатқа айналады.
Ордабасыда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков аудан орталығындағы абаттандыру жұмыстары мен жол құрылысын тұрақты назарында ұстап келеді. Құрылыс нысандарын кезекті рет аралаған аудан басшысы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, құрылыс сапасына қатысты ескертпелерін назарға алып, жұмысты ширату қажеттігін атап өтті.
«Мердігерлер жұмыс барысында карантин талаптарының орындалуына көңіл бөлуі қажет. Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету назардан тыс қалмасын», - деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.
Атап өтсек, Темірлан ауылы арқылы өтетін М-32 республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы Абасов көшесін абаттандыруды“ПМК – 7К” ЖШС 2019 жылдың қараша айында бастаған. Сонымен қатар, Темірланда көлік қозғалысы жиі орталық 5 көше абаттандырылуда. Қазыбек би көшесінің көлемі 1,2 га құрайтын бір бөлігі арбат аумағына айналады. Нысандардыңмерзімінен кешіктірілмеуі де тұрақты түрде қадағаланады.