ТҮРКІСТАН: 5 мың тоннадан астам мал азықтық дақылдары жиналды

0
594

«400 гектарға қара өрік отырғызу» жобасын да ерекше атап өтуге болады.


ТҮРКІСТАН: 5 мың тоннадан астам мал азықтық дақылдары жиналды

Биыл Түркістанда 1 113 га аумаққа мал азықтық дақылдары егілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылы Түркістанда 1 113 га аумаққа мал азықтық дақылдары, атап айтқанда 350 га жоңышқа, 300 га жүгері және 463 га күздік бидай егіліп, күздік бидай 543 тн (10,2 ц/га), жоңышқадан 640 тн (10,8 ц/га) және жүгеріден 4 000 тн (130,3 ц/га) өнім алынды.


Бұдан бөлек, «TURKISTAN FRUIT» ЖШС-нің құны 3,5 млрд.тг құрайтын «400 гектарға қара өрік отырғызу» жобасын ерекше атап өтуге болады. Былтыр «Түркістан» ӘКК» АҚ-ы мен «DALA FRUIT. KZ» ЖШС-гі бірлескен кәсіпорын «TURKISTAN FRUIT» ЖШС-гі құрылып, Түркістан қаласының әуежай маңынан бос жатқан 400 га жер телімі ресімделді. Түркия елінен 220 мың дана 7 түрлі қара өрік (Formosa, Santa Rosa, Papaz, Can, Climax, Red Heart) көшеттері алынып, отырғызылды. Өнімділігі гектарына 40-50 тонна. Израилдік технологиямен сорғы станциясы орнатылып, жер асты тамшылатып суару жүйесі жүргізілген.


Жобаны жүзеге асыруға мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілуде. Жергілікті бюджеттен 1,9 млрд.тг қаржы жоспарланып, 1,3 млрд.тг бөлінді. Бөлінген қаржыға Түркістан магистралді каналынан 11 шақырым құбыр тартылып, 21 дана тік дренажды ұңғыма қазылып, 7 бірлік су жинайтын резервуар салынды. Нысанға 16,2 шақырым электр желісі тартылды. Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 2,2 млрд.тг несие қаржысы алынған.


Бұл жобаның артықшылығы қара өрік өнімі алынғанға дейін екінші өнімге 150 га бақша дақылдары (100 га қауын, 50 га қарбыз) егіліп, бүгінгі күнге дейін 4 мың тонна өнім жиналды. Өнімдер республиканың өңірлеріне және Ресей Федерациясы нарығына экспортталған.