ТҮРКІСТАН: 52 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барды

0
620

Өңірде 511 158 оқушы бар.


ТҮРКІСТАН: 52 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барды

Түркістан облысында 52 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 511 158 оқушы бар. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 52272 оқушы барды. Биыл 10 жаңа жекеменшік мектеп ашылып, білім ұяларының жалпы саны 961-ге жетті. Оның ішінде 56-сы жекеменшік. Түркістан қаласындағы алғашқы қоңырау салтанатты жиынына облыс әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы мен Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қатысып, балаларға сәттілік тіледі.


Облыстағы барлық білім беру ұйымдары «Bilim Land» білім беру платформасына қосылған. Сонымен қатар мектеп кітапханаларының базасын есепке алу, мектептер арасындағы кітап алмасу, электронды түрде сұраныс беру жүйесі бойынша «Е-Кітапхана» платформасы енгізілді. 2022-2023 оқу жылына оқулықтар сатып алуға 5 048, 738 млн теңге қаржы бөлінді. Және оқушылар санының өсуін ескере отырып жетіспейтін және ескі оқулықтар жаңартылды.


Облыс бойынша 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен 199 мектептің құрылысын салу жоспарланған. Биыл 59 мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 20,7 млрд. теңге қаржы қаралды. Жоспарға сәйкес биыл 34 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беріледі. Оның ішінде, 4 апатты және 2 үш ауысымды мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін жоспар толығымен орындалады.


Сондай-ақ, 32 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 4 012,7 млн.теңге (оның ішінде: ОБ – 1125,8,2 млн.теңге, «Ауыл Ел-бесігі» - 2 886,9 млн.теңге) қаралды.