Әжетхананың тереңдігі – 4 метр.
Түркістан облысының құтқарушылары әжетханаға түсіп кеткен балаға көмек көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2022 жылдың 23 қаңтарында «112» қызметіне Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде 4 метр тереңдіктегі әжетханаға 2016 жылғы бала құлап кеткен туралы хабарлама түскен. Хабарлама бойынша Түркістан облыстық ТЖД-ның 5 құтқарушысы және жедел жәрдем қызметінен 3 қызметкер көмекке барған. Құтқарушылар 4 метр тереңдіктегі баланы құтқару арқанының көмегі арқылы алып шыққан. Баланың жағдайы бір қалыпты, зардап шекпеген.