ТҮРКІСТАН: 7 жасар балаға қатысты зорлау фактісі бойынша шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалды

0
2 025

Енді сотталушы тарап ҚР Жоғарғы сотына кассациялық шағым келтіре алады. ​


ТҮРКІСТАН: 7 жасар балаға қатысты зорлау фактісі бойынша шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалды

Бүкіл елдің назарында боп, жұрттың жағасын ұстатқан Түркістан облысы Абай ауылындағы 7 жасар балаға қатысты зорлау фактісі бойынша шыққан сот үкімі апелляциялық сатыда өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

"Сотталушы кәмелетке толмаған А.ның қорғаушысы келтірген апелляциялық шағымы қаралып, өзгеріссіз қалдырылды. Келес ауданындағы 74- ші орта мектебінің директоры мен ішкі істер қызметкерлеріне қатысты апелляциялық алқа жеке қаулы қабылдады ", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық сотының судьясы Б.Байдуллаев.

Еске салайық, өткен жылдың наурыз айында жеті жасар жеткіншекті жоғарғы сынып оқушылары зорлық көрсеткен деген күдікпен шулы оқиға ел назарына ілікккен болатын. 2019 жылдың 10-шы қаңтарында алқа билердің қатысуымен өткен сот отырысында 16 жастағы сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Сот тергеуі кезінде судья Т.Самдиновтың айтуынша, 2 зорлық фактісі дәлелденген.

"Алқа билер қатысуымен өткен сот А. ны ҚР ҚК нің 121 бабы, 4-ші бөлігімен кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - деген болатын судья Самддин Теміәлиев бірінші сот сатысында.

Енді сотталушы тарап ҚР Жоғарғы сотына кассациялық шағым келтіре алады.