ТҮРКІСТАН: 74 жастағы қария дүйім жұртты таңғалдырды

0
326

45 келілік бөренені он рет көтерді.


ТҮРКІСТАН: 74 жастағы қария дүйім жұртты таңғалдырды

Түркістандық 74 жастағы қария 45 келілік бөрене көтеріп, дүйім жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Ордабасы ауданының мәдениет күндері жалғасып жатыр. Бүгін Этноауылда ұлттық құндылықтар насихатталып, спорт түрлерінен сайыс өткізілді. Іс-шараны тамашалауға келген түркістандық 74 жастағы қария 45 келілік бөренені он рет көтеріп, дүйім жұртты таңғалдырды. Сонымен қатар арқан тарту, қазақша күрес, қол күрес, асық ату, қошқар көтеру, ләңгі тебу секілді ұлттық ойындар дәріптелді. Белсене атсалысып, жеңіп шыққан қатысушылар марапатталды.


Шара барысында ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік салаларының көрсеткіші мен өнімдерінен және «Ордабасы тартулары» атты ұлттық тағам көрмесі, қолөнер шеберлерінің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. «Темірлан» халық театры мен «Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер театры Алтыбақан маңында «Ақ сүйек» театрландырылған қойылымын паш етті. Ордабасы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Ордабасы» фольклорлық халық ансамблінің әуезді әндері мен дала сарынына айналған күйлері рухани-мәдени шараның сәнін келтірді.


Кешкісін «Керуен сарай» туристік кешенінде 19:00-21:00 аралығында Еркін Нұржанов, Жанел Нұржанова, Асқар Жүнісбеков, Асқар Қалмырза сынды танымал өнер шеберлерінің қатысуымен «Ордабасы – құт мекенім» гала-концерті өтеді.