ТҮРКІСТАН: 80 мыңға жуық адам праймеризде дауыс береді

0
618

3 қазан күні дауыс беру тоқтатылады.


ТҮРКІСТАН: 80 мыңға жуық адам праймеризде дауыс береді

Түркістан облысында партияішілік сайлаудың дауыс беру кезеңі басталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін елімізде «Nur Otan» партиясы праймеризінің дауыс беру кезеңі басталды. Түркістан облысында да жұртшылық онлайн режимде белсенді түрде дауыс беріп жатыр. 1 қазан күні түнгі 24.00-ден бастап өз таңдауларын жасауға кіріскен түркістандықтар кадрлық резервтің мықты азаматтармен толығуына мүдделі.

Праймеризге облыстың барлық аудан, қалаларынан 1076 адам қатысып жатыр.

Оның ішінде бастауыш партия ұйымдарынан – 207 (19,2%), өзін-өзі ұсынған – 869 (80,8%), әйелдердің үлесі – 353 (32,8%), жастардың үлесі – 312-ні (28,9%) құрады. Облыс бойынша бір орынға орта есеппен 4 адамнан тіркелді. Жалпы өңірде облыстық және жергілікті мәслихаттарда 320 орын бар.

1-3 қазан аралығында өтетін дауыс беруге 78262 партия мүшесі қатысады деп жоспарланған. Олар 245 бастауыш партия ұйымдарына бекітілген. Облыстың аудан, қалаларында 209 дауыс беру орны белгіленді. Оның ішінде 170 орында онлайн форматта, 39 орында дәстүрлі қағаз бюллетенімен беріледі.

Дауыс беруге қатысатын 78262 партия мүшесінің 68183 (87,1%) онлайн, 10079 (12,3%) қағаз бюлетенмен дауыс береді. Онлайн дауыс беру орындары 600-ге жуық компьютермен қамтамасыз етілді. Жалпы осы праймериз барысында облыстық және аудан, қаладағы филиалдар 77 мыңдай азаматты авторизациялаудан өткізді. Партия мүшелерін түгендеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 14-30 қыркүйек аралығында 233 дебат ұйымдастырылды. Облыста праймериз кезеңі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Дауыс беру кезеңі 3 қазан сағат 14.00-де аяқталады.