ТҮРКІСТАН: «Адал жолды таңдаймыз» эстафетасы киелі Қазығұрт ауданында

0
1 624

Жастар арасында «Адал жолды таңдаймыз» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет жастарының белсенді қатысуымен өткізілуде.


ТҮРКІСТАН: «Адал жолды таңдаймыз» эстафетасы киелі Қазығұрт ауданында

«Түркістан - Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы «Адал жолды таңдаймыз» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық марафон эстафетасының туы саялы Сарыағаш ауданынан киелі Қазығұрт ауданына жолданды, деп хабарлай ERNUR.KZ.

Эстафетаны табыстау рәсімі әнұранмен бастау алып, жас ұрпақтың мальбертте және асфальтта салған фотосуреттерімен, сондай-ақ, қолөнер туындыларымен, автошерумен және 30 жастардың топтасып билеген флешмоб биімен бөлісті.
Іс - шараға арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша аудандаралық басқармасының басшысы С.Жантөреев өткізіліп жатқан марафонның маңыздылығын атап өтті.

Эстафета аясында кітап пен туды табыстаушы аудан Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев қорытындыласа, ал қабылдап алушы аудан Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының орынбасары Б.Ильясов сеніп тапсырылған шараны өз аудандарында жоғары дәрежеде өткізетініне сенім білдірді.

Жастар арасында «Адал жолды таңдаймыз» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет жастарының белсенді қатысуымен өткізілуде.

Айта кетейік, марафон Департаменттен бастау алып әрі қарай, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Шардара, Мақтарал, Жетісай, Келес және Сарыағаш аудандарында өтті.
Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 9 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтеді.