ТҮРКІСТАН: «Адалдық сағаты» шарасына 17 мыңнан астам​ мемлекеттік қызметкер қатысқан

0
1 396

Шара аясында 517 мекемеге дәріс оқылды.


ТҮРКІСТАН: «Адалдық сағаты» шарасына 17 мыңнан астам​ мемлекеттік қызметкер қатысқан

Түркістан облысында қазан айының 14-16 күндері 17 мыңнан астам мемлекеттік қызметкерлер қамтылған «Адалдық сағаты» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталмыш шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен ұйымдастырлған. Оған облысқа қарасты барлық мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлерінің арасында өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерді парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтары негізінде рухани кемелдендіру, мемлекет мүддесі жолындағы мәртебелі қызметке адал болуға үндеу және ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Игі бастамаға құрылған «Адалдық сағатына» Түркістан облысына қарасты барлық аумақтық Департаменттердің жеке құрамы, аудан, қала әкімдері мен аппарат басшылары, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағалары мен ауылдық округтіктердің әкімдері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Шара барысында адалдық аясында дәріс оқыған Әдеп жөніндегі уәкілдер мен аудан/қала әкімдері ауқымды реформаларды іске асыруда мемлекеттік аппараттың маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекеттік қызметтің басты миссиясы – халыққа адал қызмет көрсету және ел мүддесі жолында қалтқысыз қызмет ету екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, ел экономикасын тұралатып, қоғам қауіпсіздігіне қауіп төндіретін көлеңкелі қылмыс түрі – сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін тілге тиек етіп, ұжымды пара алу/пара беру деректерінен алшақ болуға және Қазақстан халқына берген антына берік болуға шақырды.

Жиын соңында қатысушылар назарына арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, адалдық – адамдықтың ең биік шыңы екендігі жіті түсіндірілді.

Айта кетсек, облысқа қарасты 517 мекемені қамтыған «Адалдық сағатына» жалпы саны 17 мыңнан астам адам қатысты.