ТҮРКІСТАН: Әділет департаменті 2022 жылы 2939 қызмет көрсеткен

0
1 111

Халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 2000-нан аса іс-шара ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: Әділет департаменті 2022 жылы 2939 қызмет көрсеткен

Түркістан облыстық Әділет департаментімен 1 нотариус пен 3 адвокаттың лицензиясы тоқтатылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев баяндады. Департамент басшысының айтуынша, 2022 жылы мемлекеттік қызметтің 11 түрі бойынша жалпы саны 2939 қызмет көрсетілген.


«Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша 197 нотариус, 172 адвокат, 201 заң кеңесшісі қызмет атқаруда. Нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығына және нотариаттық іс жүргізу ережелерінің сақталуына 8 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 2022 жылы әр түрлі негіздер бойынша 1 нотариустың лицензиясы, 3 адвокаттың лицензиясы тоқтатылды. Бүгінде облыстағы барлық аудан, қалалар адвокатттық қызметпен қамтылған. Түркістан облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының тәртіптік комиссиясымен 2022 жылы 134 жеке сот орындаушының жұмысына жоспарлы тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 102 жеке сот орындаушының тәртіптік жауапкершілігі қаралды, 1 сот орындаушы лицензиясынан айырылды, 30 жеке сот орындаушының тәртіптік жауапкершілігі қаралу барысында», - деді Мұхит Бекетұлы.


Бұдан бөлек, ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментіне 1 жеке сот орындаушысының лицензиясынан айыру туралы ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде ұсыныс қанағаттандырылып, сотта қаралуда. Жалпы Түркістан облысының Әділет департаменті 2023 жылы бірқатар басым бағыттарға қол жеткізуді көздейді. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған Даму жоспарының орындалуы бойынша нысаналы индикаторлардағы межелі көрсеткішке жету жұмыстарын жандандыру болып саналады.


Айта кетсек, Әділет органдарына қатысты мәселелер бойынша және адвокаттардың, нотариустардың және жеке сот орындаушылардың іс-әрекеттеріне қатысты барлық құқықтық сұрақтар бойынша азаматтар Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметіне 119 нөмірі бойынша жүгіне алады. 2022 жылы Түркістан облысының Әділет департаментімен халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында 2000-нан аса іс-шара ұйымдастырылды.