ТҮРКІСТАН: Аэровизуалды шолу жұмыстары жүргізілді

0
93

Аймақта табиғи апаттың алдын алу, сел, сырғыма кезеңін қауіпсіз өткізу іс-шаралары жалғасуда.


ТҮРКІСТАН: Аэровизуалды шолу жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысында аэровизуалды шолу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Асқар Тулешев облыс аумағындағы сел, сырғыма қауіпті участкелерге аэровизуалды шолу жұмыстарын жүргізді. Аймақта табиғи апаттың алдын алу, сел, сырғыма кезеңін қауіпсіз өткізу іс-шаралары жалғасуда.


Сайрам-су, Өгем, Балдыберек, Ақсу шатқалындағы теңіз деңгейінен 2500-3520 метр биіктіктегі мұздақ көлдер бақылауға алынды. Тексеру нәтижесі бойынша ұсынымдар мен тексеру актісі дайындалуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Бөлісу