ТҮРКІСТАН: Әкімдік пен «Самұрық-қазына» меморандумға қол қойды

0
529

Барлық еңбек даулары қор өкілдерінің қатысуымен бірге шешіледі.


ТҮРКІСТАН: Әкімдік пен «Самұрық-қазына» меморандумға қол қойды

Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-қазына» АҚ арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Түркістан облысында болып, облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар «Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойды.


Құжатта облыс активі мен еңбек ұжымдарына «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан әдістемелік және консультативтік қолдау көрсету қарастырылған. Бұдан былай қордың портфельдік компанияларында туындайтын қызметкерлер мен топ-менеджерлер арасындағы барлық еңбек даулары қор өкілдерінің қатысуымен бірге шешілетін болып келісілді. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ облыс әкімдіктеріне, жұмыс берушілер қауымдастығы мен өңірдегі ірі өнеркәсіптік компаниялардың өкілдеріне, олардың кәсіподақтарына «Әлеуметтік тұрақтылық индексін» анықтау тәжірибесін таратуда әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді.


Қордың әлеуметтік блогы портфельдік компаниялардағы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасында келісімге келе алмаған жағдайлардың алғышарттары туралы әкімдікке ақпарат беруге міндеттенеді. Қор өкілдері «Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі» жобасы аясында кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен келісім комиссияларының өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізеді. Қор өңдеуші кәсіпорындардағы әлеуметтік және еңбек дауларын шешу бойынша тәжірибе алмасуға дайын. Қордың және өңір басшылығымен куәландырылған меморандум әлеуметтік-еңбек саласын тиімді дамытуға және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға қолғабыс жасайды.


Сапар барысында «Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы қордың өңірде орналасқан портфельдік кәсіпорындары – «Қазпочта» АҚ филиалдары, «Қазақтелеком» АҚ, «Қаратау» ЖШС және т.б. ұжымдарымен кездесті.