ТҮРКІСТАН: Алдағы 3 жылда жер телімдері кезекте тұрғандарға беріледі

0
576

Алдымен инфрақұрылым жұмыстары жүзеге асырылады.


ТҮРКІСТАН: Алдағы 3 жылда жер телімдері кезекте тұрғандарға беріледі

Алдағы 3 жыл ішінде Түркістанда жер кезегінде тұрған 30 мыңнан аса азамат жермен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекте тұрған азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдау кезінде айтып өтті. Ол үшін алдымен инфрақұрылым жұмыстары, яғни су, газ, жол, электр сынды жұмыстар жүргізіліп, аумаққа үй салатын отбасылар үшін жайлы жағдай жасалу қажет. Осы тұрғыдағы істер бүгінде ретімен жүзеге асуда.


Нұрбол Әбдісаттарұлы одан өзге тұрғындарды жұмыссыздық, атаулы әлеуметтік көмек, үй кезегі сынды мәселелері бойынша қарап, істі шешудің оңтайлы жолдарын айтып өтті. Кездесу аясында жауапты бөлім басшылары да келушілердің мәселелеріне құлақ түріп, жеке кеңес берді. Қала әкімі барлық істер тек заң аясында атқарылатынын хабардар етті.


Сонымен қатар, оқу орнын аяқтап, жұмыссыз жүрген жастарды "Жастар практикасы" арқылы қабылдап, мүмкіндік беруге жол әрдайым ашық екенін жеткізді.


Жалпы, бүгінгі жеке қабылдау аясында 40-қа жуық кезектегі азаматтың мәселесі қаралды. Айта кетейік, кезекке жазылу Ғ. Мүсірепов көшесі №17 ғимаратта орналасқан Түркістан қаласы әкімдігінің Халықтың кеңсесі арқылы жүзеге асады.