22 наурызға қарсы біршама күн қатарынан халыққа төмен бағада сатылымға шығару жоспарлануда.
Түркістан қаласындағы "Алтын бұлақ" базары мен барлық әлеуметтік дүкендерде азық-түліктер төмен бағада сатылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Түркістан" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының Азық-түлік тауарларды тұрақтандыру қоры ұсынған өнімдер қатарында әлеуметтік маңызы бар картоп, сәбіз және пияз бар.
Картоп базарда 160-170 теңгеге сатылса, мұнда 89 теңге, пияз 65-75 теңге болса, мұнда 56 теңге, сәбіз базарда 100-120 теңге болса, төмен бағамен 78 теңгеге сатылды.
Алда, 22 наурызға қарсы біршама күн қатарынан халыққа төмен бағада сатылымға шығару жоспарлануда. Сондай-ақ, базар ішінде де сауда жасау бойынша жоспарлар жүргізілуде.
Жалпы, қалада азық-түлік тауарларының шекті бағадан аспауы үшін 13 әлеуметтік дүкен және 5 ірі сауда орталығы да жұмыс істеп тұр. Одан өзге, азық-түлік тапшылығы орын алған жағдайда қордағы тауарларды дер кезінде жеткізіп беруге бар жағдай жасалған.