ТҮРКІСТАН: Аң атуға шығып, жоғалып кеткен адамның денесі табылды

0
715

Іздеу 10 күннен астам уақытқа созылды.


ТҮРКІСТАН: Аң атуға шығып, жоғалып кеткен адамның денесі табылды

Түркістан облысында аң аулауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Естеріңізге сала кетсек, 24 ақпанда Бәйдібек ауданының Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан Арыс өзені аумағында жергілікті тұрғынның жоғалып кетіп, іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.


Іздеу жұмыстарына 100-ге жуық адам, соның ішінде полиция қызметкерлері, сүңгуірлер, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары жұмылдырылған. Тұрғынды ертерек табу мақсатында "дрон" құрылғысы да пайдаланылып, әуеден бақылау шаралары да атқарылды.


10 күннен астам уақытқа созылған іздеу шаларының нәтижесінде жоғалған адамның денесі бүгін, яғни 6-наурыз күні су бетінен табылып, жағаға шығарылды.


"Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 001-бабы "Адамның қайтыс болуы" бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда", - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.