​ТҮРКІСТАН: Арман Оспанов этнос жастарымен кездесті

0
109

Басқарма басшысы спорттың жастар тәрбиесіндегі және этносаралық татулықты нығайтудағы маңызын атап өтті.


​ТҮРКІСТАН: Арман Оспанов этнос жастарымен кездесті

Түркістан жастары Арман Оспановпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Достық үйінде» қазақстандық танымал ММА шебері, жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы, джиу-джитсудан Азия чемпионы Арман Әріпханұлы Оспановпен «Жеңіске жетелейтін мінез» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуді облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанар Бектаева ашып, жүргізіп отырды.

Өз сөзінде басқарма басшысы спорттың жастар тәрбиесіндегі және этносаралық татулықты нығайтудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, спорт – ұлт пен ұлысқа бөлмей, адамдарды ортақ мақсатқа біріктіретін, достық пен өзара құрметті нығайтатын маңызды құрал.

Арман Оспанов жастармен спорттағы жетістікке жету жолы, тынымсыз еңбек, тәртіп пен табандылық туралы ой бөлісіп, нақты мақсат қойып, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға және уақытты тиімді пайдалануға шақырды.

Сондай-ақ кездесуге қатысқан «ALASH PRIDE TURKESTAN» промоутерлік компаниясының президенті Мұрат Аханов жастарды спортпен шұғылданып, алға қойған мақсаттарына табандылықпен ұмтылуға үндеді.

Еркін форматта өткен сұрақ-жауап барысында жастар чемпионнан спорттық мансап, қиындықтарды еңсеру және жеңіске жетудің жолдары туралы пайдалы кеңестер алды.

Тағылымды кездесу жастарға жігер беріп, табыстың негізі – еңбек, тәртіп, жауапкершілік пен берік мінезде екенін көрсетті.

Бөлісу