ТҮРКІСТАН: Арыс тұрғындарының дүние-мүлкін полицейлер күзетеді

0
1 647

Эвакуацияланған азаматтардың дүние мүлкінің талан-тараж болмауы үшін күзетуге полиция қызметкерлері тартылды.


ТҮРКІСТАН: Арыс тұрғындарының дүние-мүлкін полицейлер күзетеді

Арыс қаласындағы 24 маусым күнгі жарылыс оқиғасы бойынша ҚР ІІМ оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Шымкент бөлімі ҚР қылмыстық кодексінің 462 бабы, 1-ші бөлігімен "қару, сондай ақ басқаларға қауіп төндіретін заттарды сақтау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Сондай-ақ Арыс қаласындағы қоғамдық тәртіпті сақтауға, эвакуацияланған азаматтардың дүние мүлкінің талан-тараж болмауы үшін күзетуге полиция қызметкерлері тартылды.

"Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамынан 463 қызметкер, ІІМ жеке бөліністерінен 53 арнайы техника Арыс қаласынан көшірілгендерге көмектесуде. Арыс қаласындағы қоғамдық тәртіпті бақылау үшін ҚР ұлттық ұланынан 500 жауынгер жолданды. Барлық жағдай ішкі істер органдарының қадағалауында," - деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.