Цех құрылысы аяқталуға жақын.
Арыс қаласында түйе сүтін өңдейтін цех ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Арыс қаласында түйе сүтін өңдеп, құрғақ сүт өндіретін «King Milk» ЖШС-ң цех құрылысы аяқталуға жақын. Шаһар басшысы Гүлжан Мамытқызы нысанмен арнайы барып танысып, жобаның өңір үшін маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ, іс-шара аясында цех директоры Ербол Әнуарбекұлы жылына 72 тоннадан астам түйе сүтін өндіруге қауқарлы екендігін мәлімдеді. Жоба биыл ақпан айының соңында аяқталады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 200 млн теңгені құрайды.
Айта кетеййік, цех іске қосылса 20 адамды жұмыспен қамтиды деп көзделуде. Мұнда әзірленген өнімдер ішкі нарықтан бөлек алыс-жақын шетелдерге экспортталады деп жоспарланып отыр.